14
май
2026
ХАБАРЛАНДЫРУ 2026 жылдың 20 мамыр күні мектебімізде 8-11 сынып білім алушылары арасында «Жайдарлы жазда – құқық бұзушылықсыз демалыс» тақырыбында жалпы облыстық диктант жазу жұмысы өткізіледі.
ХАБАРЛАНДЫРУ
2026 жылдың 20 мамыр күні мектебімізде 8-11 сынып білім алушылары арасында «Жайдарлы жазда – құқық бұзушылықсыз демалыс» тақырыбында жалпы облыстық диктант жазу жұмысы өткізіледі.
Аталған шараның негізгі мақсаты – білім алушылар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелерін насихаттау, құқық бұзушылықтың алдын алу және жасөспірімдердің жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Диктант барысында оқушыларға жазғы демалыс уақытын тиімді әрі қауіпсіз өткізу, қоғамдық тәртіпті сақтау, заң талаптарын құрметтеу және салауатты өмір салтын ұстану бағытындағы тәрбиелік мазмұндағы мәтін ұсынылады. Сонымен қатар, білім алушылардың сауатты жазу дағдылары мен тілдік білім деңгейлері де сараланады.
Іс-шараға мектебіміздің білім алушылары белсенді қатысып, өз білімдері мен сауаттылықтарын көрсетеді. Диктант жұмысы белгіленген талаптарға сәйкес ұйымдастырылып өткізіледі.
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!
Саналы ұрпақ – жарқын болашақ кепілі!