26
декабрь
2025
2025 жылдың 25 желтоқсан күні АәД пәнінің мұғалімі С.Мамытов пен ДҚТЖО Ж.Тленчиева және мектептің «Жас сақшы » полицияның жас көмекшілері 1-11 сынып білім алушылары арасында жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың, топтық төбелестің, б
2025 жылдың 25 желтоқсан күні АәД пәнінің мұғалімі С.Мамытов пен ДҚТЖО Ж.Тленчиева және мектептің «Жас сақшы » полицияның жас көмекшілері 1-11 сынып білім алушылары арасында жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың, топтық төбелестің, бопсалау мен әлімжеттіктің алдын алу, алкоголь мен есірткінің зияны және жол қауіпсіздік ережелері, мереке күндеріндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру мақсатында «Жасөспірім және Заң», «Пиротехникалық заттардың қауіптілігі» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Түсіндірме жұмыстары барысында мереке және қысқы каникул кезіндегі қауіпсіздік ережелеріне тоқталып өтті.
Тәртіпті сақтау, қауіп төндіретін және төтенше жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеу, іс-шаралар аяқталғаннан кейін ғимараттан ұйымдасқан түрде шығу.
Жолда жүру ережелерін қатаң түрде сақтау ескертілді.
Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, буллингтің, бопсалау мен әлімжеттік және келеңсіз жағдайлардан аулақ болу ескертіледі, түнде қаңғыбастықтың алдын алуда, 22:00 ден 06:00 дейін үй жайдан тыс жерде болуға қатаң тыйым салынатындығы ескертілді.
Алкогольдің және есірті, темекіге қатаң тыйым салынады.
Ат жарыстары мен кокпар ойыны бойынша келеңсіз жағдайлардың орын алмауы бойынша сақтық шалараларын ұстану ескертілді.
Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, топтық төбелестің алдын алу, аудан орталығына өз бетінше бармауына, ата-ананың қарауынсыз жүрмеуіне, кафелерде жұмыс істемеумен қатар жиналып отырыс жасамау керектігі ескертілді.



