15
май
2026
4-сыныптарда 42 білім алушы білім жетістіктеріне мониторинг (ББЖМ) тапсыруда.
М. Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебінде
4-сыныптарда 42 білім алушы білім жетістіктеріне мониторинг (ББЖМ) тапсыруда.
ББЖМ — оқушылардың оқу сауаттылығы, математикалық және жаратылыстану бағытындағы білім деңгейін анықтауға арналған маңызды бағалау.
Бұл мониторинг білім сапасын саралап, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға мүмкіндік береді.
Тестілеу барысында оқушыларға барлық қолайлы жағдай жасалып, аудиторияларда тәртіп пен талаптар толық сақталуда.
Мектеп әкімшілігі мен ұстаздар қауымы білім алушыларға қолдау көрсетіп, сәттілік тілеуде.
4-сынып оқушылары бастауыш білім бойынша алған білімдерін дәлелдеуде.
Барлық оқушыларымызға жоғары нәтиже, сенімділік және сәттілік тілейміз!


