13
март
2026
Оқулықтарды қалпына келтіру және оқушыларға кітапты ұқыпты пайдалану туралы қосымша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 ЖОББМ мекемесінде мектеп кітапханашысы тарапынан оқушыларға берілген оқулықтардың жағдайын тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру барысында әр сыныптағы оқушылардың қолындағы оқулықтардың сақталу жағдайы, мұқабасының бүтіндігі, беттерінің жыртылмауы және оқулықтарды ұқыпты пайдалану талаптарының сақталуы тексерілді.
Тексеру нәтижесінде оқушылардың басым бөлігі оқулықтарды дұрыс пайдаланып, таза әрі ұқыпты ұстағаны анықталды. Сонымен қатар кейбір оқулықтардың мұқабаларының тозуы және аздаған бүлінулер байқалды. Бұл оқулықтарды қалпына келтіру және оқушыларға кітапты ұқыпты пайдалану туралы қосымша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жауапты: Орахбаева Ж.


