2026 жылғы 26 наурыз күні мектебімізде бастауыш сынып мұғалімдерінің бірлестік отырысы өткізілді. » Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 708 455 98 67
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-46-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2026 жылғы 26 наурыз күні мектебімізде бастауыш сынып мұғалімдерінің бірлестік отырысы өткізілді.
26
март
2026

2026 жылғы 26 наурыз күні мектебімізде бастауыш сынып мұғалімдерінің бірлестік отырысы өткізілді.

2026 жылғы 26 наурыз күні мектебімізде бастауыш сынып мұғалімдерінің бірлестік отырысы  өткізілді.
Отырыс барысында 3-тоқсан бойы атқарылған жұмыстар сараланып, өткізілген іс-шаралардың нәтижесі талқыланды. Бірлестік мұғалімдері ашық сабақтар, сыныптан тыс тәрбиелік шаралар, пәндік апталықтар мен түрлі байқаулар арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізгені атап өтілді.
Сонымен қатар, білім сапасының көрсеткіштері талданып, өткен тоқсанмен салыстырғанда оң динамика байқалғаны айтылды. Оқушылардың оқу жетістіктерін арттыруда тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану, саралап оқыту мен цифрлық ресурстарды пайдалану өз нәтижесін бергені көрсетілді.
Бірлестік жетекшісі тарапынан оқу-тәрбие процесіндегі жаңашыл бағыттар мен алдағы жоспарлар таныстырылды. Мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісіп, тиімді платформалар мен цифрлық ресурстарды сабақ барысында қолдану жолдарын көрсетті. 
Білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингі (ББЖМ) нәтижелері де қарастырылып, оқушылардың оқу сауаттылығы, математикалық және жаратылыстану бағыттары бойынша білім деңгейі сарапталды. Нәтижелер негізінде оқушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтау, оларды жою мақсатында қосымша жұмыстар жүргізу қажеттілігі атап өтілді. Мұғалімдерге ББЖМ тапсырмаларына ұқсас жұмыстарды жүйелі түрде қолдану, талдау жүргізу және оқушыларды дайындаудың тиімді жолдарын қарастыру ұсынылды.
Әріптестер арасында кәсіби пікір алмасу жүргізіліп, өзара қолдау мен ынтымақтастықтың маңызы ерекше аталып өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша алдағы тоқсанда білім сапасын одан әрі арттыру мақсатында нақты міндеттер мен ұсыныстар қабылданды.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив