26
декабрь
2025
«Жолда жүру ережесін білейік» тақырыбында Меркі АПБ ЖПҚб ЮПТ УПИ полиция капитаны Е.Оспанбековпен танымдық кездесу өткізілді.
Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебінде 2026 жылдың 28 қаңтар күні 1–4 сынып оқушыларымен «Жолда жүру ережесін білейік» тақырыбында Меркі АПБ ЖПҚб ЮПТ УПИ полиция капитаны Е.Оспанбековпен танымдық кездесу өткізілді.
Кездесудің мақсаты – бастауыш сынып оқушыларына жолда жүру ережелерін түсіндіру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, балалардың көшедегі қауіпсіз мінез-құлқын қалыптастыру.
Іс-шара барысында оқушыларға жаяу жүргіншілерге арналған жол белгілері, бағдаршамның қызметі, жолдан дұрыс өту ережелері түсіндірілді. Сонымен қатар, көрнекі құралдар мен мысалдар арқылы жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі айтылды. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытты.
Кездесу соңында балалардың жолда жүру ережелері туралы білімдері бекітіліп, күнделікті өмірде қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде нұсқаулық берілді.
